"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №6 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №6 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

Білім беру ұйымдары кітапханаларының сандық есептері

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Əбу Наср Əл-Фарабиге - 1150 жыл!

08.04.2020 Əбу Наср əл- Фараби,(870, Отырар қаласы-950, Сирия, Шам қаласы)- қазақ даласынан шыққан ұлы ғалым ,ойшыл философ,математик,астролог,музыка теоретигі.Əскербасы тарханның отбасында дүниеге келген.Отырар медресінде,Шаш,Самарқан,Бухара,кейін Харран,Мысыр,Халеб(Алеппо),Бағдад шаһарларында білім алған.Əбу Наср əл-Фараби - түркі ойшылдарының ең атақтысы,ең мəшһүрі,"Əлемнің 2-ұстазы" атанған ғулама.Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген.Өздігінен көп оқып,көп ізденген ойшыл философия ,логика,этика , метафизика,тіл.білімі,жаратылыстану,география,математика,медицина,музыка саларынан 150-ге тарта еңбек жазып қалдырды.Алғашқы сауат ын тұған жерінде ана тілінде ашқан болашақ ғалым 12-16 жас шамасында керуенге ілесіп,білім іздеп Бағдатқа кетеді,Бағдатқа " Баит əл- хақма"атты ғалымдар үйі жəне əлемдегі ең бай кітапхана болған. Əбу Наср əл- Фараби өз заманындағы ғылымның барлық салаларынан,əсіресе ,математика,астрономия ,физика,жаратылыстану ғылымдарынан көп мұралар қалдырды. " Ғылымдар тізбесі " деген еңбегінде сол кездегі ғылымды үлкен- үлкен бес салаға бөледі:1)тіл білімі жəне оның тараулары;2)математика жəне оның тараулары;3)математика жəне оның тараулары;4)физика жəне оның тараулары;5) азаматтық ғылым жəне оның тараулары,заң ғылымы жəне дін ғылымы. Əбу Наср əл-Фараби əмбебап музыкант та болған .Саз аспаптарында ойнап,əн салған,өз жанынан əн,күй шығарған."Музыканың ұлы кітабы" атты еңбегі бар. Өзінің барлық саналы ғұмырын ислам діні мен ғылымды бір-бірінен айырмай, егіз өргізуге арнаған ұлы бабамыз хижра жыл санауының 339 жылы ережеп(ражаб) айында, Шам қаласында (Дамаск) қайтыс болғанда оны сол елдің əміршісі Сайф əд- Даула өз қолымен жерлеген.Ұлы ғалымның мүрдесі Сириядағы Баб əс-Сағир зиратында жатыр. http://elibrary.kaznu.kz/ru/node/82 -Əль-Фараби муражайы- электронды түрінде. (Ежелгі Қазақстан энциклопедиясынан ағылған мəлімет) 6 ОМ кітапханашысы Тулеуова Г.К.
Просмотров: 431


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст