"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №6 жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «Общеобразовательная школа №6 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Білім беру ұйымдары кітапханаларының сандық есептері

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023-2024 оқу жылына арналған бос орындарға конкурс туралы хабарландыру

 "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №6  жалпы білім беретін мектебі" КММ-сі жаңа 2023-2024 оқу жылына келесі бос орындар бойынша конкурстар жариялайды:

1. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі (декреттік демалыс кезінде) – 16 сағат;

2. География мұғалімі (декреттік демалыс кезінде) - 16 сағат;

3. Ағылшын тілі мұғалімі-16 сағат;

4. Музыка мұғалімі-16 сағат;

5. Информатика мұғалімі-16 сағат;

6. Тәлімгер (декреттік демалыс кезінде) -1 бос орын;

7. Психолог-1 бос орын;

8.Директордың тәрбие  жөніндегі орынбасары-1 бос орын

Құжаттар тізімі:

- осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес түр бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); --  педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

 - еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының түрін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген түр бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

- Наркологиялық ұйымнан анықтама;

- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі-БТС) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

- педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес түр бойынша толтырылған Бағалау парағы.

Құжаттарды қабылдау: 2023 ж. 14.08 мен 22.08 аралығында, комиссия отырысы 23.08.2023 өтеді.

Мекен-жайы: Атбасар қаласы, Мира көшесі 5

8-71643-5-70-06,

8-747-59-39-816

Жаңартылған күні: 24.07.2023 16:58
Құрылған күні: 15.08.2023 16:00

Текст