Текст
Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында мектепте 9 - сынып оқушыларының қатысуымен “Басқару” колледжінің өкілдерімен кездесуі өтті. Балаларға оқу орнының құрылымы, оқуға түсу тәртібі, студенттердің оқу және тұру жағдайлары туралы айтылды. Кездесу өте мазмұнды болды және білім алушыларға айтарлықтай пайда әкелді. Өйткені, адам өз өмірінде қабылдайтын ең маңызды шешімдердің бірі-бұл болашақ өмірдің сапасын анықтайтын мамандық пен мансап жолын таңдау. Бұл таңдаудың өздігінен және саналы түрде жасалуы өте маңызды, ал болашақ мамандық қоғамдық пайда әкелуі тиіс. Оқу орындарының өкілдерімен кездесулер оқушыларға кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерін шешуге көмектеседі.