12.11.2025
Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінің аясында 6 "А" сыныбында «Мағжан Жұмабаев – қазақтың ұлы ақыны» тақырыбы бойынша Садвакасова А.Т. ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаттары – тақырып бойынша үйренген сөздерді қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру, жалпылау есімдіктің қызметін білу, жазба және ауызша жұмыстарда қолдану.
Сабақ барысында мұғалім әдіс-тәсілдер мен жұмыс нысандарын пайдаланып, оқушыларды белсенді ойлануға және өз пікірлерін еркін жеткізуге бағыттады. Грамматикалық тапсырмалар да қамтылып, оқушылардың тілдік дағдыларын жетілдіруге ерекше көңіл бөлінді.
Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында өзара бағалау және өзін-өзі бағалау элементтерін қолданды.
Сабақ әсерлі және қызықты түрде өтті. Оқушылар өз білімдерін жақсы деңгейде көрсетті. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтары оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани бай тұлға болып қалыптасуға жетелейді.