"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №6 жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «Общеобразовательная школа №6 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Білім беру ұйымдары кітапханаларының сандық есептері

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүгін мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында ұлы ғалым, саяхатшы, этнограф, ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Ғылым жолындағы жарық жұлдыз» атты танымдық іс-шара өтті.

13.11.2025

Бүгін мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында ұлы ғалым, саяхатшы, этнограф, ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Ғылым жолындағы жарық жұлдыз» атты танымдық іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының біртуар перзенті Шоқан Уәлихановтың өмірі мен ғылымға қосқан үлесін дәріптеу, жас ұрпақты ғалымның өнегелі өмір жолынан тағылым алуға баулу, елін сүйген, білімге құштар азамат болуға тәрбиелеу.

Шара барысында оқушылар Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына арналған көріністер қойып, деректі бейнероликтер тамашалады. Сондай-ақ, ғалымның зерттеу еңбектері мен саяхаттары туралы қызықты деректермен бөлісіп, шығармашылық жобаларын таныстырды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жакина Р.Т. оқушыларды ұлы тұлғаның ғылым мен өнер саласындағы жаңашылдығымен таныстырып, оның есімі қазақ тарихында мәңгі өшпес із қалдырғанын атап өтті.

Бұл танымдық кездесу жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін, білімге деген қызығушылығын арттырып, ғалымның есімін ұлықтауға бағытталған игі қадам болды.

Просмотров: 12


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст