"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №6 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №6 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

Білім беру ұйымдары кітапханаларының сандық есептері

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

" Ғылым таппай мақтанба..." мəнерлеп оқу конкурсы

24.01.2020 «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс», – дейді Еліміздің алғаш президенті Н. Ә. Назарбаев Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, Өлді деуге сия ма айтыңдаршы, Өлмей тұғын артында сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек! 2020 жылдың қаңтар айының 23 жұлдызында «Атбасар ауданының білім бөлімінің Атбасар қаласы №6 орта мектебі»КММ 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстырып, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу, шығармашылықпен жұмыс істеу мақсатында қаңтар айының 23 жұлдызында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Ғылым таппай мақтанба...» атты мәнерлеп оқу байқауын 5-6 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ашимова Бибигуль Тулеубаевна өткізді.
Просмотров: 441


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст