"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №6 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №6 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

Білім беру ұйымдары кітапханаларының сандық есептері

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тарих апталығының қорытындылары

19.11.2019

2019 жылы қарашаның 11 мен 15 аралығында Атбасар ауданының барлық мектептерінде тарих апталығы өтіп, оның аясында біздің мектепте бірқатар іс-шаралар өткізілді. Тарих мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Бұл іс-шараларға 5-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар «Ұлы дала» сурет және қабырға газеттері байқауына белсене қатысып, оның аясында 5-6 сынып оқушылары «Қазақстанның 7 кереметі» атты, 7-8 сынып оқушылары «Атбасар қаласының тарихи және мәдени ескерткіштері» атты және 9-11 сынып оқушылары «Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері» тақырыбындағы қабырға газеттерін дайындады.  9-11 оқушылары Жастар жылына арналған құрама командалар өзара жарыс түрінде өткізілген «Біз – Қазақстанның болашағымыз» атты сыныптан тыс іс-шараға қатысты. Оқушылар Қазақстан тарихы бойынша жақсы білімдерін көрсетті.

Қазақ тілінде оқытатын 5-9 сынып оқушыларымен "Ата-бабалар мұрасы" атты ойын өткізіліп, онда "Яссауи" және "Испиджаб" командалары Қазақстан тарихы бойынша бір-біріне қарсы сайысқа түсті. "Яссауи" командасы жеңіске жетті.

2019 жылы қарашаның 15 тарих апталығының қорытындысы жасалды.

Суреттер мен қабырға газеттер сайысында 1 орынды 6 «А» сынып оқушылары, 2 орынды 5 «А» сынып оқушылары және 3 орынды 8 «А» сынып оқушылары иеленді. Ойындар мен сайыстарға қатысушылар сертификаттармен және грамоталармен марапатталды.

Тарих мұғалімдері барлық оқушыларға жақсы жұмыс жасап, тарих аптасына белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіріп, оқуда табыс тіледі. 

 

Дайындаған: О. Бурумбаева, тарих мұғалімі

Просмотров: 438


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст