"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №6 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №6 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

Білім беру ұйымдары кітапханаларының сандық есептері

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Тарих" пәні бойынша онкүндік аясында ашық сабақтар

13.11.2019

«№ 6 орта мектебі» КММ тарих апталығының шеңберінде ашық сабақтар өтті.

2019 ж. қарашаның 11 К.К. Дюсембеков 6 «Ә» сыныбында «Қарахан мемлекеті (942-1212 жж.)» тақырыбындағы ашық сабақ өткізді.  

Сабақ мазмұнды және қызықты болды. Мұғалім жеке және топтық жұмыс түрін ұйымдастырып, оқушылар «Ыстық орындық» тапсырмасын орындап, сөзжұмбақты шешіп, тарихи диктант жазды. Сабақ барысында оқушылар «БББ» кестесін толтырып, бағалау парақшалармен жұмыс жасады. Сабақ тез өтіп, барлық оқушылар белсенді жұмыс жасап, әр тапсырманы қызығушылықпен орындады.

2019 ж. қарашаның 12 О.Н. Бурумбаева 10 «А» сыныбында «Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық үдерістер» тақырыбындағы ашық сабақ өткізді. Сабақ аудандық семинар аясында өткізіліп, оған аудан мектептерінің тарих мұғалімдері қатысты.

Сабақ барысында оқушылармен жұптық, жеке және топтық жұмыс ұйымдастырылды. Сабақта презентациялар мен бейнебаядар көрсетіліп, оқушылар зерттеу жұмысымен айналысып, әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындап, оларды орындағаннан кейін олар бір-бірінің жұмысын бағалады.

Сабақ қорытындысы бойынша «Рефлексивті нысана» рефлексиясы өткізілді. Үлкен көлемді ақпарат жасап, олар көптеген жаңалықтарды білді. Оқушылар сабақ бойы өте белсенді болды. Проработав большой объем информации, они узнали много нового. 

 

Просмотров: 403


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст