"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №6 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №6 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

Білім беру ұйымдары кітапханаларының сандық есептері

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Информатика пәні апталығының алғашқы ашылуы

22.04.2019

Адамның ұлылығы - оның ойлау қабілетінде.

                                      Б. Паскаль

 

2019 жылдың 22 сәуірінде Атбасар ауданы білім бөлімінің "№ 6 ОМ" КММ базасында информатика пәні апталығының алғашқы ашылуы өтті. Бұл іс-шараға қала мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

Мектепте информатика апталығының өткізілу мақсаты: информатикаға деген танымдық қызығушылықты дамыту, оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін және информатика апталығын дайындау және өткізу барысында әртүрлі жастағы шығармашылық топтар құрамында оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар арасында бейресми қарым-қатынас дағдыларын кеңейту.

Іс-шараны робот Микроша бастады, ол қатысушыларға сәттілік тіледі. 3 сынып оқушылары инфоматика туралы үш тілде өлеңдер оқыды. Одан әрі барлық қатысушыларды шеңберге тұруға және бір-біріне компьютерлік тілде комплимент жасауға шақырды. Мысалы, көздеріңіз ең қымбат сұйық кристалды мониторлар ретінде жарқырайды. Бұл тапсырманы барлығы ойдағыдай орындай алды.

Атбасар ауданы білім бөлімінің әдіскері Д. В. Терешкина өзінің құттықтау сөзі барысында информатика пәнінің алғашқы аптасын ашық деп жариялап, барлық жоспарланған іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне тілек білдірді.

"Менің бастамам – менің Отаныма" аудандық конкурсының "Медиажоба" номинациясы бойынша қатысушысы - Абдуахитова Назира өзінің "Әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік" жобасын іске асыру аясында "жанды" қарым-қатынасты насихаттау туралы бейнеролик көрсетті. Бейнероликті көргеннен кейін қатысушылардың назарына "Теремок" ертегісінің желісі бойынша жаңа заманауи "Жүйелік блок" ақпараттық ертегісі ұсынылды.

Информатика апталығының ресми ашылуы аяқталғаннан кейін қала мектептерінің оқушылары мен мұғалімдерінің құрама командалары арасында "Сен, мен және информатика" викторинасы өткізілді. Викторина барысында қатысушыларға информатика туралы түрлі конкурстар мен тапсырмалар ұсынылды. Викторинаның қорытындысы бойынша 44 және 37 есебімен "Вирустар "командасы жеңіске жетті.

Просмотров: 513


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст