"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №6 жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «Общеобразовательная школа №6 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Білім беру ұйымдары кітапханаларының сандық есептері

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тарих пәнінің мұғалімдері онкүндігінің есебі

06.02.2019

2019 жылы 21.01 мен 25.01 аралығында өткізілген тарих мұғалімдерінің онкүндігін өткізу туралы есеп беру

Әзірленген және бекітілген онкүндік жоспарына сәйкес,  оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілік, мемлекеттің ғылым тарихына мақтаныш сезімдерін тәрбие беру, белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру мақсатында тарих  онкүндігі өткізілді. Онкүндіктің ашылуы  2019 жылы қаңтардың 21  - де өтті.

              Іс – шараларды жоспарлану кезінде оқушылардың танымдық қызығушылықтары, жеке-психологиялық ерекшеліктері ескерілді. Онкүндік оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға арналған. Онкүндіктің материалдары Президенттің "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламалық мақаласы және Қазақстандағы жастар жылына байланысты. Ашық сабақтар күнтізбелік – тақырыптық жоспарлау және оқытудың негізгі бағдарламалық курсына сәйкес болып, оқушылардың білім деңгейін, дамуын, ой-өрісін тереңдетіп, толықтырып, арттырды. Іс-шараға орыс және қазақ тілінде оқитын 5-11 сынып оқушылары қатысты.

Ашық сабақтар жоспарға сәйкес болып, 9 "А" сыныбында мұғалім О. Н. Бурумбаева "Қазақстан соғыстан кейінгі 1945 – 1954 жж. кезеңінде" тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар жеке, жұптық және топта жұмыс істеді. Барлық оқушылар сабақ барысында белсенді қатысып,  әртүрлі тапсырмалар болды. Оқушылар "Қатені тап", "Кластер", "Оқиғалар мен даталар", "Қалың және жұқа сұрақтар" және т. б. тапсырмаларды  орындады. "Алақан"рефлексиясы арқылы сабақтың қорытындысы шығарылды.

Мұғалім Бағдат Мырзабек 11 «Ә» сыныбында «Түркия ХХ ғасырдың соңғы  он жылы – ХХІ ғасырдың басындағы елдің дамуы» тақырыбында сабақ өткізді.

Сабақта барлық белсенді болып, үлкен материал дайындалды.

Сабақ барысында оқушылар жеке және топта жұмыс істеді. Түрлі деңгейлі тапсырмалар болды. Сабақтың мақсаты мен кезеңдері сақталды.

Мұғалім Қ. Қ. Нурмагамбетова 10 "А" сыныбында "Қазақ жүздері, ру – тайпалық құрамы" тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ мазмұнды, әрі қызықты болды. Үлкен материал зерттеліп, мұғалім "Менталды карта", "Сорбонка", "PEST" әдістемелік тәсілдерін қолданды. Сабақтың мақсаты орындалды, рефлексия сәтті өтті.

Мұғалім Дюсембеков К.К. 8 «Ә» сыныбында «Қазақстанның Ресеге қосылуы» тақырыбында сабақ өтті. Сабақта жеке, жұптық және топтарда жұмыс қолданылды,оқушылар сабақ барысында белсенді жұмыс істеді.

Мұғалім "Ыстық орындықтар", "Постер", "Мәтін және даталармен жұмыс" әдістемелік тәсілдерін қолданды. Жалпы сабақ жақсы өтіп, оқушылар сабақ барысында белсенді қатысты.  

Сондай ақ, 8-10 сыныптарда сыныптан тыс іс – шаралар өткізілді.

Мұғалім Бурумбаева О.Н. 8 – 10 сынып оқушылары үшін Қазақстандағы жастар жылына арналған "Қазақстан беттері бойынша" атты сыныптан тыс іс-шара дайындап өткізді. Іс-шара ойын түрінде өтті. Іс-шара барысында оқушылар сұрақтарға жауап берді. Сұрақтар қарапайым және күрделі болды. Іс-шара соңында қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, қорытынды жасады.

"Ұлы даланың жеті қыры" атты Президент мақаласын зерделеу бойынша іс-шара ерекше түрде К. К. Нұрмағамбетова өтті. Ұйымдастырылған 7 топ  алынған ақпаратты меңгеруге және бекіту арналғаг бірқатар тапсырма орындады. Іс-шара жақсы деңгейде өтті.

   «Тарихи шеңбер», осындай тақырыпта мұғалімдер К. К. Дюсембеков пен М. Бағдат дайындаған сыныптан тыс іс-шара өткізді. Іс – шараға 5 – 9 сынып оқушылары қатысты. 2 команда 3 кезеңнің тапсырмаларын орындады.  Тапсырмалар қызықты, танымды болды. Барлық оқушылар белсенді қатысып, Все учащиеся приняли активное участие и көптеген пайдалы ақпарат алды.

Тарих онкүндігінің жабылуында қорытынды жасалып, белсенді оқушыларға қатысқаны үшін грамоталар тапсырылды. Мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілді.

Просмотров: 1383

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст