Апталықтың жоспарына сәйкес қаңтар айының 28-нен бастап ақпанның 1-не дейін география пәнінің апталығы өтті. Апталықтың күнтізбесі бойынша «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбы бойынша Тулеуова Г.К. кітаптар көрмесін өткізді.Оқушыларға кітап көрмесі өте ұнады. Олар өздеріне қажетті керек мағлұматтар алды.
Тарих пәнінің мұғалімі Бурумбаева О.Н 7-8 сынып оқушыларының арасында «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбына тұсау кесер сабағын өткізді.Сабақта оқушылар Президенттің бағдарламасының статьяларымен танысты .Сабақта оқушылар картаға сүйене отырып жеке және жұппен жұмыстар жүргізді, бейне баяндар көрсетілді. Сабақтың міндеттері орындалып мақсатына жетті.
Мұғалім Бурумбаева О.Н. 8-10 сынып оқушыларының арасында «Географиялық лото атты сайыс өткізді. Ол оқушыларды екі топқа бөліп сұрақ тапсырмалар берді. Сайыс екі турдан құралды. Соңында сайыс жеңімпаздары марапатталды. Апталықтың үшінші күні Бағдат Мырзабек 8 сыныпта «Халық санағы» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар жеке жұптық және топта жұмыс істеді. Барлық оқушылар сабақ барысында белсене қатысып әртүрлі тапсырмаларды орындады. Сабақ мазұнды әрі қызықты болды.
Сондай ақ Бағдат Мырзабек «Жас георафтар» атты сыныптан тыс сайыс сабағын өткізді. Сайысқа 5-9 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар екі топқа бөлініп әртүрілі тапсырмаларды орындады.Барлық оқушылар белсенді қатысып өздеріне керекті ақпараттарды алды.Сабақ өте қызықты тартымды өтті. Апталықтың соңғы күнінде сабақтардың қортындысы жасалып, сабақтарға және іс –шараға қатысқан оқушыларға белсене қатысқаны үшін мадақтама қағаздары тапсырылды .Апталық өзінің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізді.