Баланы кітап оқуға үйрету үшін, ең алдымен, ата-аналарға кеңес беру керек. Балаға бір жасында-ақ кітап ұстатып үйреткен дұрыс. Яғни, ол сәби кезінен бастап кітапты көруге тиіс. Кейбір ата-аналар “мектепке барып, әріп таныған соң-ақ оқып үлгереді” деп ойлайды. Бұл дұрыс емес. Баланы кітапқа қызықтыру үшін суретті, санамақ кітаптардан бастау керек. Үнемі газет-журнал, кітап оқып отырған ата-ана көрген бала да кітапқа қызығып өседі. Балам кітапқа қызықпайды деп бар кінәні баласына жауып, өзі бірде-бір кітап оқымайтын ата-аналар да бар. Меніңше, салмақты, өзін-өзі ұстай білетін балалардың жаны кітапқа құмар келеді. Өйткені оның ішінде өзіндік ойы қиялы әлемі бар. Ал көп жүріп-тұрып, күлетін бала кітапқа аса жақын болмайды. Бала қызық кітапты кітапханашымен, ұстазымен, құрбыларымен, достарымен кеңесе отырып таңдауы керек. Өйткені оқуға ынтасы болып тұрған баланың қолына қызықсыз тартымсыз кітап түссе оның құлшынысы күрт басылып қалуы мүмкін. Кітапты оқығанда бала ондағы кейіпкерге немесе тұлғаға қызығып отыратындай болуы керек.
Кітап оқуға деген қызығушылықтың төмендеуі неден? Қазіргі реалист жастар өсіп келеді, кішкентайынан нені қажет ететінін біледі. Қазіргі балалардың қиял жоқ. Олар – практик. Екіншіден, жастар түгел, үлкендердің де кітап оқуға уақыты қалмай барады.
Айта кетуіміз керек: қазір балаларға арналған әдебиет өте аз. Болса да, бұрынғы уақыттағы өмірді суреттейтін әдебиет қазіргі баланы қызықтырмайды.
Мектеп кітапханасында оқимын деген балаға жас ерекшеліктеріне сай біраз кітаптар бар, оны кітапханашылар, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері ұсынып отырады. Егер кітап өте үлкен болса, оны бала оқып шыға алмауы да мүмкін. Жасы үлкейген сайын, бала да күрделі шығармаға қарай ауысады. Қазір жан-жақты ақпарат өте көп. Сондықтан, балаларды әдеби кітаптар қызықтырмайды. Ал қазір интернеттен керекті мәліметті ала салады. Сондай – ақ, ҰБТ –да шығарма жазылмай, жай ғана сұраққа жауап бере салады. Бұл баланың танымдық белсендігіне әсер етіп, кітап оқуға деген қызығушылығын төмендетеді.
Қай кезде де кітап – адамзаттың жан азығы әрі рухани байлығы болып табылады. Кітап оқу арқылы ғана біз болашақты болжап, келешегімізге кемел жол сала аламыз!
Кітапхананың міндеті – кітаптың маңыздылығын насихаттап, оқырман мен кітап арасын байланыстыру.
Қазіргі мектеп кітапханалары ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 27-наурыз ҚР Білім жүйесі кітапханаларының бірыңғай үйлестіруші ғылыми – әдістемелік және ақпараттық орталығы туралы №249 бұйрығымен бекітілген.
Мектеп кітапханасы оқырмандарға сапалы қызмет көрсету, мәдени – көпшілік іс-шаралар ұйымдастыруға міндетті.
Танымдық іс – шаралардың оқырманның ой-өрісін кеңейтетін септігі сөзсіз. Мысалы, Қызыл кітапқа, саяхат библиографиялық шолу, мен оқыған қызық кітап оқырманның жазбаша пікірі, кітап –ақыл ойдың қазынасы кітапханаға саяхат жұмыстарын жүргізу арқылы кітапхана мен оқырмен арасы байланыса түседі.
Кітап көрмелері арқылы оқырмандар әр тақырып бойынша мағлұматтар деектер алса даталы мерекелі күндерге байданысты көрмелерден ақпараттармен керекті мәліметтермен таныса алады.
Кітапханада «Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайынсың ба?» жылдық тұрақты білім бұрышы ұйымдастырылып пән мұғалімдері мен оқушыларға әдістемелік көрсетіледі.
Кітапханада жүргізілген жұмыстардың нәтижесі үнемі баспасөз беттерінде жарық көріп отырды.
Баспасөз беттері-жаңалық жаршысы. Мектеп кітапханасы жыл сайын мерзімді басылымдарға жазылып оқырмандардың рухани жан-дүниесін кеңейтуге сыныптарда түрлі оқу-тәрбиелік шараларын өткізуде көп көмегін тигізсе, сонымен бірге түрлі байқау –жарытарға баратын мектеп мұғалімдері мен оқушылары көмекші құрал ргетінде пайдаланады. « Білсем, ізденсем ...» деген адамға кітапхана құшағын кең ашады. Жас ұрпаққа түрлі бағыттағы әдебиеттерді насихаттап жасөспірімдердің отанға деген сүйіспеншілігін арттыр, олардың бойындағы ана тіліне бағытталған сүйіспеншілігін кітап оқу арқылы нығайту болса міндеті:
Кітапхана- кітаптар мекені. Кітап – білім бұлағы, білім көзі. Рухани байлық кітап оқу арқылы молаяды. Ал бүгінгі таңда жас ұрпақты кітап оқуға баулуды турлі шаралар арқылы жүзеге асыруды мақсат етіп отырамыз.
Жаңа заман талабына ілесу – әр кітапханашының міндеті. Шәкірт санасына зор ілім құяр кітап мекені болса, кітапханашы –тілімізді, дінімізді, рухани байлығымызды насихаттаушы мамандық иесі.