"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №6 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №6 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

Білім беру ұйымдары кітапханаларының сандық есептері

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің онкүндігі бойынша есеп

21.01.2017

«Атбасар ауданының білім бөлімінің Атбасар қаласы №6 орта мектебі»  КММ

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің онкүндігі бойынша есебі.  

Жоспар бойынша 2016 жылы қарашаның 14 күні 1 – 11 сыныптар аралығында «Тіл – құдірет» атты қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің  онкүндігінің ашылуына арналған салтанатты линейка өткізілді. Сынып жетекшілерінің жауапкершілігімен «Еркін елдің ертеңі» атты қабырға газетінің байқауы ұйымдастырылды.

Қарашаның  14 күні қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Джакиенова А.М. 6 «Ә» сынып оқушыларымен  «Сын есімнің мағыналық топтары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.  Сабақ қызықты өтті. Қойылған барлық мақсаттар мен міндеттер орындалды.

Қарашаның  15 күні 7 – 11 сыныптар аралығында қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімдері Сейтжанова У.Н. мен

Джакиенова А.М. жетекшілігімен «Елбасы мұраты – ел бақыты» атты эссе жазу байқауы өтті.

 Қарашаның  16 күні қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ашимова Б.Т. 3 «А» сынып оқушыларымен  «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында ашық сабақ өткізді.  Сабақ қызықты өтті. Қойылған барлық мақсаттар мен міндеттер орындалды.

Қарашаның  18 күні қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жагипарова Г.А. 7 «А» сынып оқушыларымен  «Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары»» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында түрлі жаңа технологиялар мен әдістер қолданылды. Қойылған барлық мақсаттар мен міндеттер орындалды.  

Қарашаның  19 күні 5 – 11 сыныптар аралығында сынып жетекшілері «Қазақстан – тәуелсіз мемлекет» сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсатыоқушылардың мемлекеттік тіліді меңгерудегі қызығушылықтарын арттырып, халықтардың мәдени мұрасын зерттеу арқылы патриотизмді қалыптастыру.

Қарашаның  21 күні 5 – 7 сыныптар аралығында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жагипарова Г.А. жетекшілігімен  «Гүлдене бер – Қазақстаным!» мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.

 Қарашаның  21 күні 8 – 10 сыныптар аралығында ӘБ мүшелерінің жетекшілігімен «Мың бала» жобасы бойынша«Тапқыр болсаң, тауып көр» сабақтан тыс іс –шара өткізілді.

  Қарашаның  22 күні 1 – 4 сыныптар аралығында қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімдері Жагипарова Г.А. мен Джакиенова А.М. жетекшілігімен  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» атты интеллектуалды ойын өткізілді.

Қарашаның  22 күні қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғаліміСейтжанова У.Н. 7 «А» сынып оқушыларымен  «Ұлттық тағамдар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында түрлі жаңа технологиялар мен әдістер қолданылды.

Қойылған барлық мақсаттар мен міндеттер орындалды.

Қарашаның  22 күні 7 – 11 сыныптар аралығында ӘБ мүшелерінің жетекшілігімен мектеп ішінде  «Жарқын болашақ» сайысы өткізілді.  

Қарашаның  23 күні 7 – 11 сыныптар аралығында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Джакиенова А.М.

жетекшілігімен мектепшілік  Омаров оқулары өткізілді. 

Қарашаның  23 күні ӘБ мүшелері мен пән мұғалімдерінің  жетекшілігімен «Қазақ тілінің бүгіні мен ертеңі»дөңгелек үстел отырысы өтті.

Қарашаның 30 дейін ӘБ мүшелерінің жетекшілігімен «Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» БАҚ мақалалар жариялау.

Қарашаның  24 күні қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің  онкүндігінің жабылуына арналған салтанатты линейка өткізілді.

Қарашаның 14 мен 24 аралығында қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің апталығы өтті. Жоспар бойынша ұйымдастырылған барлық іс – шаралар өткізілді. Онкүндік барысында мектепшілік іс – шараларға белсенді қатысқан оқушылар іріктеліп,марапатталды.

 

Просмотров: 532


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст