"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №6 жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «Общеобразовательная школа №6 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Білім беру ұйымдары кітапханаларының сандық есептері

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп алды оқыту және тәрбиелеу онкүндігінің есебі

17.04.2017

      3 сәуір күні  № 6 орта мектебінің шағын орталығында  онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Сонымен қатар ата-аналардың қатысымен көрме ұйымдастырылды.

  4 сәуір күні  №6 орта мектебінің шағын орталығында   онкүндік жоспарына сәйкес шағын орталық  тәрбиешісі Бекжанова Ж.Р. математика пәнінен «Заттың санын цифрмен сәйкестендіру» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді.

5 сәуір күні  № 6 орта мектебінің шағын орталығында онкүндік жоспарына сәйкес орыс тілі мұғалімі Тлесова А.С.  «Магазин игрушек» тақырыбына  ашық сабақ өткізді. Балалар сөздерді орысша, ағылшынша айтып, ойыншықтарды сатып алуға қызығып сабаққа белсенді қатысты.

7 сәуір күні № 6 орта мектебінің шағын орталығында  онкүндік аралығында  тәрбиешісі Жумажанова Г.Ж. "Сөйлеуді дамыту" сабағынан «Ертегіде қонақта» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабаққа ертегі кейіпкері Алдар Көсе қонаққа келді. Сабақ өте қызықты және көңілді өтті. Сабақтың аяғында балаларға тәттілер таратылды.

8 сәуір күні № 6 орта мектебінің даярлық сыныптарының тәрбиешілері К.Амирова атындағы өлкетану мұражайына саяхат ұйымдастырды. Балалар мұражай экспонаттарынан ұмытылмас әсер алып, жадыраңқы көңіл-күйлерімен қайтып келді.

13 сәуір күні №6 орта мектебінің кітапханашысы және шағын орталық тәрбиешілері   «В мире книг» атты мектеп кітапханасына саяхат  ұйымдастырылды.

14 сәуір № 6 орта мектебінде  шағын орталық және даярлық сыныбының онкүндігінің жабылуы  мерекелік іс-шара өтті. Апталықта белсенді қатысқан балалар мақтау қағазымен марапатталды.

Просмотров: 558


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст