"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №6 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №6 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

Білім беру ұйымдары кітапханаларының сандық есептері

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білімге жол» атты балаларға арналған зияткерлік марафон

21.04.2017

Сәуірдің бесінде № 6 орта мектепте  ерекше салтанатты және мерекелі күн болды. Қала және ауылдық мектептерінің 1-2 сынып оқушылары «Білімге жол» атты  балаларға арналған  зияткерлік марафонға жиналды. Марафонның  өткізілу мақсаты: дарынды балаларды анықтау және оқушылар арасындағы ғылымды  тереңдете оқуға  қызығушылығын арттыру. Жас қатысушылар қобылжуда болды, себебі, 1-2 сыныптар арасындағы марафон бірінші рет өткізілуде. Атбасар ауданының білім бөлімінің басшысы Наймушина Н.Г.өз тілегінде оқушыларға шығармашылық даму, жаңа ашылулар және әділетті қазы алқалары олардың зияткерлік қабілеттерін шынайы бағалауға тілектес болды.

Жалпы қатысушылар саны - 83 оқушы. Іс-шара үш бөлімнен құрылды: ашылуы, сайыстық бөлімі - реттілігімен (аялдама парағына сәйкес) оқушылардың барлығы  берілген тапсырмаларымен «станцияларды» өтіп шығуы, салтанатты жабылуы мен дәмді сыйлықтармен марапаттауы. Жас зияткерліктер тоғыз пәндер және әртүрлі бағыт бойынша тапсырмаларды орындады. Математика, дүниетану, әдебиет, логика, тарих, тілдер (қазақ тілі,орыс тілі, ағылшын) және өзін-өзі тану. Қатысушылар жақсы нәтиже көрсету үшін  біраз күштерін салып, өз білімдерін көрсетті.  

  • 1 «Ә» сынып оқушысы Кауенов Диар  математика, тарих, өзін-өзі тану пәндерінен І орынға; тілдер және әдебиеттен ІІ орынға иеленді (мұғалім Шахарова Н.Д.).
  • 1 «А» сынып оқушысы Нургалиева Зарина  тарих, дүниетану- І орын, өзін-өзі тану - ІІ орын, әдебиет - ІІІ орын (мұғалім Ибрашева А.К.).
  • 4 "Ә" сынып оқушысы Ардақ Зейнолда әдебиеттен - І орынға иеленді.(мұғалім Сатыбаева Р.Т.).

Мектеп оқушылары мен ұстаздарға шығармашылық табыс және жеңіс тілейміз!

Просмотров: 379


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст