"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №6 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №6 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

Білім беру ұйымдары кітапханаларының сандық есептері

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Презентация отрытого урока по казахской литературы

13.12.2017

12.12.2017жылы 10 «ә» сыныбында  қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ өткізілді.

Сабақтың тақырыбы: Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығы. Абайдыңтабиғат лирикасы.

Сабақтың мақсаты: Абай өмірі мен шығармашылығытуралымағлұмат беру, білімдерін кеңейту, қазақ поэзиясының асқар биігі Абай бейнесіне, шығармашылығына құрмет, мақтаныш сезімдерін ояту.

Білімдік: табиғат жыршысы Абай лирикаларының тақырыптары және олардың өзіндік ерекшеліктерін таныту;

Тәрбиелік: туған жерінің, Отанының әсем табиғатын қорғауға, оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу;

Дамытушылық: оқушылардыңшығармашылыққабілетінарттыру, сөйлеумәдениетінжетілдіру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдістері: ой қозғау, сұрақ – жауап, топтастыру, «Төрт жолды өлең», «Сиқырлы таяқша» талдау.

Көрнекілік: интерактивті тақта, Абай суреті, Абайға қатысты кітаптар, бүктемелер, топтық белгілер.

Қолданылған технология: сын тұрғысынан ойлау стратегиясы.

  Сабақтың барысы.

  І. Ұйымдастыру: 

     - Оқушылармен сәлемдесу; 

     - Түгелдеу; 

     - Оқушыларды топқа бөлу, назарын сабаққа аудару;

  2. Қызығушылығын ояту

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма.
3. Үй тапсырмасын сұрау. Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын. «Кім жылдам» ойыны барысында зымыран сұрақтар арқылы сұрап бекіту.(Карточкамен жұмыс)

1. Абай қай жерде, қашан туылған?

2. Абайдың руы, қандай ортадан шыққан?

3. Ақынның шын есімі кім?

4. Ең алғашқы сауат ашқан молдасы?

5. Одан кейін білім алған ордалары?

6. Оның халық әдебиетін сүйіп өсуіне кімдер себепкер болды?

7. Поэмалары.

8. Абай кімдерді аударған?

9. 17 – қара сөзінде «Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті» 

10. Ұлы ақын туралы жазылған роман – эпопея қалай аталады?

  4.Жаңа білімді меңгерту. Топқа бөлу \асық арқылы\

І. Ой қозғау.

1-ШІ ТОП«Қазақтың классикалық әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі»  -- МұхтарӘуезов.

  2-ШІ ТОП.«Абайдың табиғат лирикасы, әсіресе жылдың төрт мезгілін суреттейтін өлеңдері – күшті ақындық шеберлікпен, зор мәдениетпен жазылған аса сұлу, сырлыжырлар.» ЗейноллаҚабдолов.

Мағынанытану. (Кіріспесөз)  

«Қыс» табиғатын Абай бұдан өзгешелеу стильде суреттеген. Бұл-нағыз классикалық поэзия үлгісінен туған өлең. Мұнда да табиғат қозғалыс-әрекеттегі күйде алынады.

Бірақ бұл әрекет табиғаттан гөрі. Адамның-жанды тіршіліктің әрекетіне ұқсайды. 

Абайдың табиғатты суреттеудегі жаңаша ізденісін, өсу-өрлеуінтанытатынтуындылары-бұдан кейінгі кезекте жазылған күзге арналған екі өлеңі «Күз», «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай».(1889) Бұл өлеңдерде өмір мен табиғат шындығы жаңаша идеялық-көркемдік тұрғыда берілген.

«Жазғытұры» (1980) өлеңінде де Абай бұл мезгілдің өзіне тән суреттерін жасайды. Мұнда табиғат әлеміне кірген жаңалықтың иесі-«ата-анадай елжіреген күннің көзі» көбірек айтылады. Ақын сезімі қыстан қысылып шыққан ел қуанышына ортақ тасады.  

  Абай қай өлеңде болмасын табиғат пен қазақ халқының өмірін байланыстыра жырлаған. Кемеңгер ақын мәңгі қайталанбас бейнелі сөзөрнегін жасады.(Абайдың өмір жолы слайдтан көрсетіледі)

  5.Топқа бөлу-сары жапырақ. жасыл жапырақ, қар суреті.

І Топ.                     

ІІ Топ.        

ІІІ Топ.

«Жаз»

«Күз»        

 «Қыс»

І Топ: «Жаз» өлеңіндегі мезгілдің ерекшелігі.

ІІ Топ: «Күз» өлеңіндегі күзгі ауыл көрінісі қалай бейнеленген.

ІІІ Топ: Ақын суреттеуіндегі қыс мезгілі қандай?

6.Сөздік қоржын.  (Дәптермен жұмыс)

  «Жаз » «Күз» «Қыс»

Бозбалалар – Абайдың Ақылбай, Әбдірахман деген балалары. Шомшы –астық екпеген ауылдың басқа жерге түйемен барып астық алып қайтуы;

Күзеу – күздік ауыл қонатын жер. Ұшпа – шашыранды бұлт.

Қондыбай, Қанай – ру аттарымен аталатын ауылдар.

Домбығу – үсік шалу.

  7.Өлең құрылысына талдау ( әр топқа кесте таратылады)

  Өлеңнің тақырыбы:        

Жаз.    Идеясы:    

Жазғы табиғаттың көркем көрінісі..            

  Лирика:     Табиғат.

 Шумақ Тармақ Буын Ұйқас

  Өлеңнің тақырыбы:       Қыс.

   Идеясы:    

 Мал баққан қазақ даласының қысқы тіршілігі.          

     Лирика:    Табиғат

Шумақ Тармақ Буын Ұйқас

  Өлеңнің тақырыбы:     Күз  

    Идеясы: Көшпелі елдің күзгі тіршілігі мен табиғаттың жүдеу көрінісі.              

        Лирика:Табиғат

Шумақ Тармақ Бунақ Буын Ұйқас

       8. «Әнтыңдау»  (Сергіту)«Құлақтан кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй» деп өзі айтқандай, Абай әніне құлақ түрсек.(«Желсіз түнде жарық ай» әні орындауында)

  9. Ойтолғаныс.

«Сиқырлы таяқша» стратегиясы арқылы оқушыларға ой тастау.

- Оқушылар, енді Абай өлеңдеріндегі суреттелген табиғат көрінісі мен қазіргі заманның табиғат көрінісі қандай екен?

 -Сорға айналған дала. 

- Ауаластанған. – Жан-жануарларазайған. – Су көздері таза емес. – Түрлі аурулар таралуда) Бұған не себеп болды?(Экологияның бұзылуы. – Арал теңізінің тартылуы. – Атом сынағының орналысуы. – Табиғат байлықтарын тиімсіз пайдалану. – Адамдардың табиғатты қорғамауынан.)

8.Сабақты пысықтау үшін 2 топқа «Ақын», «Табиғат»

9.Сенквейн.тақырыбына «Төрт жолды өлең» құрастыру берілді.

     Мысалы:

    Сабақты бекіту.

10. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абайдытану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз, Абай әрқашан ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген қанатты сөзімен сабағымды қорытындылаймын.

11. Рефлексиялық - бағалау кезеңі

-Әрқайсысың өздеріңді қандай адам болуым керек деп ойлайсыңдар? (оқушылардың ойларын тыңдау)

-«Жақсы сөз – жаназығы» - дейді қазақ. Мына жүрекшені бір – бірімізге бере отырып, қандай адам болу керектігін білдіретін тілегімізді айтайық:

Жүрекше соңында мұғалімнің қолына қайтып келеді.

- Абай рухы - туған тілдің тірегі.

Абай рухы - қазағымның жүрегі.

Жыр маржаны жүрегіңді толқытып,

12.Үй тапсырма:

 «Жазғытұрым» өлеңінжаттау.

 «Табиғатым мекенім»     тақырыбына эссе жазып келіңдер.

 

Просмотров: 578

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст