"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №6 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №6 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

Білім беру ұйымдары кітапханаларының сандық есептері

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Открытый урок по казахскому языку

14.12.2017

Сабақтың тақырыбы: Толғауы тоқсан қызыл тіл «Сүйінбайдың

Қатағанмен айтысы»

Мұғалімнің аты-жөні: Жагипарова Г.А.

Мектеп: Атбасар

қ.,№6 орта мектеп

Күні: 03.12.17

СЫНЫП:  7

САБАҚ: әдебиет

Қатысқан оқушылар  саны:

 

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Шығарма үзінділерімен жұмыс (Т/Ж4);

Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін (айтыскер)

ашып, үзінділерді  жатқа айту (7.Т/Ж4).

Сабақ 

мақсаттары:

 

Оқушылардың барлығы мынаны

орындай алады: шығарма үзінділерімен жұмыс жасау

Оқушылардың көбісі мынаны

орындай алады:  айтыстағы авторлар өлеңі арқылы  кейіпкерлер бейнесін  анықтау

Оқушылардың кейбіреуі мынаны

орындай алады: дауыс ырғағы арқылы

таныта отырып, үзінділерді  жатқа айту

Бағалау 

критерийі

1. Шығарманың үзінділерін түсініп оқи алады

2. Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін анықтай алады

3. Үзінділерін жатқа айта алады

Тілдік мақсат

Қолданылатын сөздер мен сөз тіркестер: айтыс, айтыскер

Оқушылар: шығарма үзінділерімен жұмыс жасайды, кейіпкерлер бейнесін

ашады, үзінділерді жатқа айтады.

Диалог: сұраққа жауап береді

Күтілетін нәтиже: үзінділерді жатқа айту дағдысы қалыптасады

Ойлау деңгейінің дағдылары

Білу, түсіну, қолдану

Құндылық

Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін

қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Музыка

Алдыңғы оқу

«Сөздің пірі -

Сүйінбай». Пазл әдісі бойынша(слайд)

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау

түрлері

Сабақтың басталуы

3  минут

 

 

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлемдесу.

Қызығушылықты ояту сатысы:

Ынтымақтастық атмосферасын құру.

Пазл әдісі: Алдыңғы білімдерін тексеру мақсатымен

пазл әдісі бойынша сұрақтарға жауап беру барысында  айтысып отырған жұптар бейнелеген бірнеше

суреттер топтамасы ашылады.

 

Болжау . Жұппен жұмыс

·        

Оқушылар жұпта сурет мазмұнын болжап айтады. Қабілеті

жоғары оқушылар бұл суреттердің айтыс көріністері екенін айтуы мүмкін.

 

                  

                

 

Сабаққа болжам жасау үшін сұрақтар беріледі:

Ø  Сурет мазмұны Сіздерге қандай ой

туғызды?

Ø  Сабағымыз не туралы болуы мүмкін?

(Сабаққа болжам жасап, оқушылар

сөйлейді)

Топтастыру.

 Оқушылар Сүйінбай

мен Қатағанның суреттері таратылады. Оқушылар Сүйінбай және Қатаған деп екі

топқа топтасады.

1-топ:

"Сүйінбай"

2-топ:

"Қатаған"

 

Сабақтың

ортасы 

2 мин

 

 

 

 

 

Қосымша

ақпарат

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білу және

түсіну

12 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білу және

түсіну

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолдану

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақты бекіту

2 мин

 

Білу және түсіну

Ой шақыру.

Жұппен жұмыс.

·        

«Айтыс өнеріндегі  тұлғалық

болмыс» ұғымы  дегенді қалай

түсінесіздер? Жұпта талқылап, ойларыңызды ортаға салыңыздар.

 

Мұғалім  айтыс жанры, түрлері туралы  қысқаша мәлімет береді:

Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын

сөз сайысы, жыр жарысы.  Айтыс XIX

ғасырда ерекше дамыған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже,

Балта, Орынбай, Кемпірбай,

Тезекбай,

Сүйінбай, Түбек, Омарқұл,

Тәбия,

Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар,

Біржан, Сара, т.б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа

өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан

кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған. Айтыс

жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын

алады. XIX ғасырдың орта шендерінен бастап қазақ айтысының орталығы Жетісуға

ауады. Онда айтыс өнері өрен жүйріктерінің қуатты шоғыры қалыптасады.

Солардың арасында Сүйінбайдың орны ерекше болған. Ұлы жазушы, ғұлама ғалым

Мұхтар Әуезов оны «айтыс өнерінің алтын діңгегі» – деп аса жоғары

бағалады.  Сүйінбай – ірі айтыс ақыны.

Ол ақындықты айтыстан бастап, талантының өлең сайысына бейімділігін

байқатады.

Оқушыларға 1 минут айтыстан үзінді тыңдатылады.                     

(музыкамен байланыстыру негізінде)

·        

Айтыс өнерінен қандай әсер алдыңыз?

Оқушылар айтыс

өнеріне  қатысты алған әсерлерін айтып,

өз пікірлерін білдіріп, сөйлейді.

Жеке жұмыс

(Қабілеті

жоғары оқушылар үшін ақпаратпен бөлісу, түсініксіз

сөздердің мағынасын ашу мүмкіндігі)

 

v  Оқылым алды тапсырма (түртіп алып

оқу): Айтыстан алынған үзіндіні мәнерлеп оқыңыз.

Оқушылар айтыс

мазмұнымен кезек-кезек оқу арқылы танысады. Сынып оқушылары  мәнеріне келтіре оқыған кезде түсініксіз

сөздерді түртіп алып, кестеге түсіреді.

 

Оқуға ұсынылатыны:

1848 жылдың қоңыр күзінде қырғыздың бай шонжар

манабы Орманхан шешесіне ас береді. Бұл жиынға аралас құралас отырған қазақтың

Тезек төре, Бөлтірік шешен бастаған игі жақсылары бір қауым ел болып

қатысады. Астың ақындарсыз өтпесін білген ақын жанды Тезек төре  елге

атағы жайылып, таныла бастаған Сүйінбай ақынды ала барады.

Ас ішіліп қызық

думан басталарда қырғыздың шоң манабы Қара Бәйтік Тезек төреге Бөлтірік

шешеннің қасында отырған бадана көз, сұлу жігітті көрсетіп:

- Ана отырған

бала Сүйінбай ақындарың емес пе деп сұрайды.

Бөлтірік: «Иә»,

- деп жауап бергенше, Сүйінбай домбырасын қағып-қағып жіберіп заулата

жөнелді.

 

Ассалаумағалейкүм, сәлем

бердік,

Мүбәрәк жүздеріңді жаңа

көрдік.

Атақты ас жиынды

құттықтауға,

Бауырлас қырғыз елі,

 саған келдік.

Жүйріктер қосылмаған қою

шаңға,

Қосылар қыран бүркіт,

қашқан аңға.

Хан Жантай, Қара Бәйтік,

Әтекеңе,

Келіп ек амандаса Орманханға.

 

Арғы атаң ер Әтеке, батыр

Жантай,

Басына киді бөрік қызыл

алтай.

Қанаттас қырғыз елін

көрмек үшін,

Боларын осы астың күттік

алты ай.

Бас қосқан екі халық бұл

жиында,

Келген соң сөйлеу керек

сөзден қайтпай.

 

Қол жайып, құран оқып

өткендерге,

Әруағын атаң, қырғыз,

келдім жоқтай.

Алдына қалың қырғыз

келгеннен соң,

Жарай ма қайтып кету көңіл

айтпай?!

Қырағы аспандағы ақиықпын,

Құмары басылмайтын

борандатпай.

Сүйінбай

осылай деп тоқтағанда, Бәйтіктің  тасасында отырған  қағылез

қайыстай қара жігіт қарғып тұрып пернесі жоқ қомузын жоғары төмен түсіре

ойната сабалап, ашшы айқайдан бет ауызы құбылып ашуын тоқтата алмай:

 Ау, Сүйінбай, Сүйінбай,

Тоқтат енді сөзіңді.

Ояйын ба көзіңді!

Ақынмын деп ойлайсың,

Мен тұрғанда өзіңді.

Басыңнан өлең жаудырып,

Бір құрайын тезімді.

Барың болса қарышта,

Барар жерің сезілді.

Келіп қапсың байқамай,

Өлетұғын жеріңе.

Қазулы тұрған көріңе,

Көрсетейін көзіңе.

Ажал айдап келген соң,

Саған өлім тегінді.

Тентіреп жүріп қаңғырып,

Былғама шалқар көлімді.

Қара жалым Орманхан,

Жантай, Бәйтік бегімді.

Сыртыңнан іздеп, жүрші ем,

Келтірді Құдай кезіңді.

Түстіңбе бәлем, қолыма,

Үрлейін мес қып теріңді.

 

Кесте

толтыру

v  Тапсырма: Түсініксіз сөздерді кестеге түсіріп, білдіретін мағыналарын ашып

жазыңыз.

Оқушылар  түсініксіз сөздердің мағынасын ашу негізінде ақпарат алмасады, бірін -

бірі толықтырады. Білмейтін сөздерін интернет желісінен табады.

 

Түсініксіз сөз

Білдіретін

мағынасы

Мүбәрәк

құтты , игілікті

Ақиық

бүркіттің қыран тұқымы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топпен жұмыс

(Бірлесіп жұмыс жасау мүмкігдігі)

Кластер

Тапсырма: Кейіпкерлер бейнесін танытатын  ерекшеліктерді кластерге түсіріңіздер,

салыстырыңыздар.

 

1-топқа тапсырма

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                          

2-топқа тапсырма

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ø  Дескриптор:  Шығарма кейіпкерлерінің мінездемелерін салыстыра

отырып, Кейіпкерлер бейнесін ашады.

Қолдану

Топпен жұмыс

Рөлдік ойындар

(Бірлесіп жұмыс жасай отырып, шығарма үзінділерін жатқа айту дағдысын

дамыту мақсатымен)

v  Тапсырма: Оқушылар топта  айтыс бойынша қойылым қоюға дайындалады,

рөлдерін бөліп алады. 8 минут дайындалып, жұмыстарын әр топ 2 минуттан

сахналайды.

Ø  Дескриптор: Айтыстан үзіндіні, лирикалық  кейіпкерлер бейнесін дауыс ырғақтарын келтіре

сахналап,

жатқа айтуға дағдыланады.

 

 

Тапсырма: Екі ақынға тән сөз қолданыстарды ажыратып айтыңыз.

(Слайдан көрсетіледі)

 

Айтыстан алынған үзінділер

Қай ақынның сөзі?

Ассалаумағалейкүм, сәлем бердік

 

Көптігімді

айтайын,

Байлығымды

айтайын,

 

Қызың тұрмақ құл болар,

Босағаңдағы жалғызың.

 

Сарыбақ үш мың дулым.

Жағамдағы құндызым,

Маңдайдағы жұлдызым,

 

Сұраншы, Саурық аттанса,

Қарасай үлкен ер еді,

Есімі елге белгілі

 

Қырғыз, Қазақ елдесіп,

Тыныштықта тұрғанда,

Тіліңді тартып сөйлегін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық, көрнекілікте, түрлі-түсті маркерлер.

Топтық жұмысқа арналған ресурстар

Сабақтың соңы

Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

2 мин

 

 

 

 

Критерийлерге байланысты домбыраның қиындыларын жинау негізінде топаралық бағалау (топтар бір - бірін

домбыраның қиындыларын беріп, бағалайды, критерийлерге сай  домбыраның суретін құрастырады)

 

Шығарма кейіпкерлерінің

бейнесін ашады

 

 

 

 

 

 

 

Үзінділерді  жатқа айтады

 

 

 

 

 

 

 

Кейіпкерлер бейнесін дауыс

ырғақтарын келтіре сахналайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топта  жұмыстарын 

таныстырып қорғайды, өзара бағалайды.

 

Бағалау

критерийлері

Домбыраның қиындыларын

жинау негізінде бағалау

     Ұсыныс

Шығарма кейіпкерлерінің бейнесін

ашады

 

 

Үзінділерді  жатқа айтады

 

 

Кейіпкерлер

бейнесін дауыс ырғақтарын келтіре сахналайды

 

 

 

 

 

«3-2-1» стр.

Сабақта алған 3 маңызды ақпарат

Қиындық келтірген 2  мәселе

Сабақта ұнаған 1 аспект

 

.

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

сабақ барысында қабілетті,

оқушылардың қажеттілігін ескере, жеке, жұптық, топтық жұмыстар

ұйымдастырамын. Қабілетті оқушылар үшін жеке жұмыс, түсініксіз сөздерді

кестеге түсіріп мағынасын ашу үшін, ақпарат алмасуларына мүмкіндік жасаймын.

Үлгерімі орташа, төмен оқушылар үшін кластер, рөлдік ойындар әдісін қолдана

отырып  топтық жұмыс ұйымдастырамын.

Бірлесіп жұмыс жасауларына мүмкіндік жасаймын.

Критерийлерге байланысты домбыраның қиындыларын жинау негізінде топаралық бағалау (топтар бір - бірін

домбыраның қиындыларын беріп, бағалайды, критерийлерге сай  домбыраның суретін құрастырады)

Музыка пәні.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша қауіпсіздік

ережелерін сақтайды.

Интерактивті тақтамен жұмыс, слайд, интернет

көздері.

Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін

қалыптастыру.

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

 

 

Төмендегі бос ұяшыққа

сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің

сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты оқу мақсатына негізделіп, оқушылардың қажеттілігі ескеріле

отырып, SMART форматында құрылады.  Оқушылар кейіпкерлер бейнесін ашып, үзіндіні

жатқа айтуға дағдыланады. Жеке, жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастыру

барысында жағымды психологиялық ахуал туғызамын. Ұйымдастырылған жеке,

жұптық, топтық жұмыс барысында қолданылған  әдіс - тәсілдер оқушыларды мақсатқа

жеткізуде сәтті болады. Осы сарынмен жұмыс істесем, берілген уақыт ішінде

үлгеруге болады. Мен үшін критериалды

бағалау мен кері байланыс қиындық

туғызады, тренерім мен әріптестерімнің ұсыныстарына жүгіне отырып осы

қателерімді ескеріп, түзетулер енгіземін.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе

табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: мақсатқа жетудегі

кластер, рөлдік ойындар әдісі.

2: топтық жұмыс

Қандай екі нəрсе

сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: критериалды бағалау

2: кері байланыс

Сабақ барысында мен

сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім? Оқушылардың білім деңгейін анықтауда критериалды бағалау мен үшін сәтті

болады деп ойлаймын

Просмотров: 544

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст