Текст
27 желтоқсан күні біздің мектепте 2-4 сынып оқушыларына арналған "Барбоскиндар қонағында" атты шырша мерекесі өткізілді. Іс-шарада Лиза және Роза Барбоскиндер, Шамахан ханшайымы, ДюДюка, фиксик Нолик, смешарик Бараш, Сағат ханшайымы ертегілердің кейіпкерлері қонаққа келді. Балалар оларға жоғалтып алған уақытын табуға көмектесті. Оқушылар кейіпкерлермен бірге ән айтты, би орындады, шыршаны айналып, ән айтты және ойындар ойнады. Мереке аяғында Аяз ата мен Ақшақар келді. Олар шыршаны жандырды және балалар өздерінің дайындаған тақпақтарын айтты. Аяз ата барлығына да тәтті сыйлық таратты.