"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №6 жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «Общеобразовательная школа №6 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Білім беру ұйымдары кітапханаларының сандық есептері

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

12.01.2018

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Елбасы жолдауында «Жүзеге асыруымыз керек 10 міндет» деп жүйелеп атап өтті.

Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындап берді.

Біз әлемелдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке айналған тәуелсіз Қазақстанды құрғанымызды да алға тарта отырып, жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуымыздың керектігін, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыта отырып, Адами капитал – жаңғыру негізін баса назарға алған. Атап айтар болсақ, барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажеттігін көрсеткен. Бұл – жаңа бағдарламалар, яғни оқулықтар, стандарттар және кадрлар. Оқылуы тиіс «Жаңа 100 оқулық» бағдарламасы арқылы жарыққа шығатын оқулықтар тілге жеңіл және жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласында өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектеседі.

Сондай-ақ біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет екендігін, оның басты себебі Латын әліпбиінің бұл мәселелерді реттеуге мүмкіндік беретіндігіне де

жеке тоқталған. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы атап өткендей, білім беру ісінде өзгерістер енгізілу қажет. Тек енгізіп қою да аздық етеді. Сол бағдарламаларды меңгере алатын жас ұрпақтың бейімділігі мен қабілетінің қаншалықты екендігін ескерілуі тиіс.

Бұдан бөлек Елбасы еңбек өтіліміне сәйкес базалық зейнетақы мөлшерін 1,8 есе көбейту, жаңа бағдарламалар бойынша қайта оқыған мұғалімдер жалақысын 30-50 пайызға арттыру жөнінде айтты. Ендеше, Елбасымыздың жолдауын қолдай отыра барша халық болып осы жолдан таймай, еліміздің жарқын да кемел болашағы үшін аянбай еңбек етейік.

Просмотров: 499


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст