Текст
19.11.2025
2025 жылдың 18 қараша күні 2-сыныпта “Мектебімізге саяхат” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға мектеп ішіндегі кабинеттер мен орындардың атауларын таныстыру, мектепке деген сүйіспеншілік пен ұқыптылықты арттыру, оқу орнына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар оқу тапсырмаларын орындап, түрлі ойындар мен топтық жұмыстарға қатысып, мектептің әр бөліміне байланысты жаңа сөздерді меңгерді. Өз ойларын еркін жеткізіп, сұрақтарға белсенді жауап берді.