"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №6 жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «Общеобразовательная школа №6 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Білім беру ұйымдары кітапханаларының сандық есептері

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы аясында №6 жалпы орта білім беретін мектебінде 7-сынып оқушыларымен «Сүйінбай Аронұлы. Айтыс және оның түрлері» тақырыбында ашық сабақ өтті.

18.11.2025

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы аясында №6 жалпы орта білім беретін мектебінде 7-сынып оқушыларымен «Сүйінбай Аронұлы. Айтыс және оның түрлері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты – оқушыларға айтыс өнерінің ерекшелігін танытып, Сүйінбай Аронұлының әдеби мұрасын терең меңгерту, сонымен қатар оқушыларды сөз қадірін түсінуге, тапқырлық пен шешендікке баулу болды.
Сабақ барысында оқушылар айтыстың түрлерімен  танысты. Сабақта  «Ойлан – жұптас – бөліс», «Дұрыс – бұрыс» сынды тиімді әдіс-тәсілдер қолданылып, оқушылардың қызығушылығын арттырды. 
Сабақта топтық жұмыс, сұрақ-жауап, постер қорғау, шағын шығармашылық тапсырмалар орындалып, оқушылар өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік алды. Оқушылар Сүйінбайдың өткір тілі мен шешендігін, оның айтыстағы шеберлігін бағалай отырып, ұлттық мұрамызға деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
Ашық сабақ мазмұнды, тәрбиелік мәні зор, оқушылардың қызығушылығын оятқан тартымды сабақ ретінде өтті. Сабақ оқушылардың сөз өнеріне деген ықыласын арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

Просмотров: 12


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст