Текст
03.11.2025
3 қараша күні 8–9 сынып оқушыларымен «Заң және менің құқығым» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушыларға заң ұғымы, азаматтың құқықтары мен міндеттері туралы мәлімет берілді.
Оқушылар Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген өз құқықтары жайлы білді және оларды күнделікті өмірде қолдану жолдарын талқылады.
Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, сұрақтарға жауап беріп, өмірден мысалдар келтірді.