Текст
     
                                
            Әдістемелік бірлестік отырысында «Спорттық үйірмелер арқылы оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қалиева У.Е. баяндама жасады. Ол өз сөзінде спорттық үйірмелердің маңызы мен міндеттеріне кеңінен тоқталып, оқушылардың дене тәрбиесін жетілдіру мен салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлін жан-жақты ашып көрсетті.
Келесі кезекте әдістемелік бірлестік жетекшісі Жұмашев Ж.М. «Үйірме және факультативтік сабақтардың өту барысын қадағалау» тақырыбында сөз сөйледі. Ол үйірмелердің өткізілу тәртібі мен олардың тиімді ұйымдастырылуын бақылаудың маңыздылығына тоқталып, жұмыс барысын жүйелі түрде қадағалау жөнінде нақты түсініктемелер берді.