2024 жылғы 12 қарашада қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында А.Т. Садвакасова 9ә сыныпта "Құрмалас сөйлемнің түрлері"тақырыбында ашық сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты: құрмалас сөйлемнің түрлерін білу, мәтіннен алынған ақпаратты өмірліік мәселелермен байланыстыра білу. Сабақ басында айтылған бір-біріне тілектер оқушыларға сенімділік беріп, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырды. Сабақ барысында мұғалім флипчарттарды, электрондық оқыту элементтерін пайдалана отырып мәтінмен жұмыс жасады. Сабақта қолданылатын өзара бағалау әдісі оқушыларға сыныптастарының білім деңгейін ғана емес, сонымен қатар өз білім қорларын бағалауға мүмкіндік береді. Сабақ тақырыбын меңгергенін "Блоб ағашы" рефлексиясы мүмкіндік берді.