Текст
2024 ж. 11 қарашасында “Тілім менің ғасырлардан аманат” атты қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Апталықты ашуға оқу ісінің меңгерушісі Ашимова Бибигуль Тулеубаевнаға сөз берілді. Ол өз сөзінде мемлекеттік тіліміздің деңгейін көтеру - әрбір Қазақстан азаматына жүктелетін мақсатекенін айта тұра, оқушыларды апталық кезінде өтетін іс-шараларға белсенділікпен қатысуға шақырды.
Апталықтың ашылуын 6ә сынып оқушылары ән шашумен жалғастырды. Соңында, тапқырларға арналған әзіл викторинасы өтті.