19-24 қазан аралығында "Өзін-өзі тану"пәні бойынша конкурстың бірінші аудандық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты - "Өзін-өзі тану" ҚББИ бағдарламасының идеяларын жүзеге асыру бойынша үздік озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, өзін-өзі тану педагогының еңбегін қолдау және беделін арттыру болды. Байқаудың міндеттері-педагогтардың шығармашылық әлеуетін және иновациялық қызметін дамыту; өзін - өзі тануды оқытудың үздік авторлық әдістемелері мен практиткаларын тарату, анықтау, жалпыадамзаттық құндылықтарды тұтас педагогикалық процеске интеграциялау бойынша педагогикалық идеяларды іздестіру;-қоғамда "өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын ілгерілету бойынша жұмысты жандандыру. Бұл кезеңде мұғалімнің портфолиосын, бір сабақтың бейнежазбасын және "педагогикалық жағдайды шешу": ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта сұрақтар мен жауаптар дайындау қажет болды. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Шахарова н.Д. байқау шарттарын сәтті орындап, екінші жүлделі орынға ие болды.