Текст
Кәсіби конкурстар оқушыларды оқытуда іс-әрекеттік көзқарас идеяларын практикада іске асыратын шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты педагогтарды анықтау, мұғалімнің оң әлеуметтік және кәсіби имиджін қалыптастыру, педагогикалық инновацияларды қолдау және көтермелеу, педагогикалық тәжірибені жалпылау нысандарын жетілдіру мақсатында өткізіледі. Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде информатика мұғалімдерінің IX шығармашылық байқауының аудандық кезеңі өтті және аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша мектебіміздің информатика мұғалімі Амирова Жанар Бериковна 1 орынға ие болды. Құттықтаймыз және кәсіби өсу мен шығармашылық табыс тілейміз!