"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №6 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №6 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

Білім беру ұйымдары кітапханаларының сандық есептері

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі және әдебиеті апталығының жабылуы

30.01.2023 «№6 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдістемелік бірлестігі онкүндігінің ес е б і 2022-2023 оқу жылы Мектебімізде қаңтардың 23-і - 27-і аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің апталығы өтті. Апталықтың мақсаты: Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, Отанын, елін, жерін сүйе білуге, оның тарихын, салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушыларға қазақ тілі туралы мәлімет беру, шәкірттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру, балаларды ана тілін сүйіп, құрметтеуге баулу. Тілдің қай қоғамда, қандай елде болмасын орны бөлек. Тіл болмаса, тірліктің де мәні жоқ. Тіл туралы терең ойлану қоғам үшін, қоғамның әр азаматы үшін парыз болып саналады. 23 қаңтарда қабырға газеті жасалып, көрме ұйымдастырылды және апталықтың ашылу рәсімі өтті. Жиында сөз алған директордың міндетін атқарушы Бибігүл Тулеубаевна Ашимова тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрістеп дамуына үлес қосу-жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екендігіне тоқталып жиналғандарды мерекемен құттықтады. Жиында балалар «Мен қазақ тілін білемін» викторинасына белсенді қатысып жұмбақтар шешті. 24 қаңтарда 1-4 сынып оқушылары арасында «Тәрбие тілден басталады...» атты сыныптан тыс іс-шара өтті.Іс-шара қызықты да тартымды өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жакина Раушан Толеубаевна 25 қаңтарда 11-ә сынып оқушыларымен «Абай жолы» романы бойынша «Қодар мен Қамқа» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау. Оқушылар М.Әуезовтің «Абай жолы» шығармасы жанрлық ерекшелігіне қарай неге роман-эпопея деп аталады? Роман, роман-эпопеяға тән ерекшеліктерін атап өтті. Оқиға желісіне композициялық талдау жасап мазмұндады. Оқиға құрылымы бойынша оқиға өткен уақыт,кеңістік көрінісін талдады. Оқытушы сабақта кейінгі технологияларды тиімді пайдаланды. Сабақта оқушылар «бағалау парағы» арқылы өздерін бағалап отырды. Оқушылардың ойлау  қабілеттері мен сөйлеу мәнерін  дамытатын  тапсырмалар орындалды, кері байланыс жасалып, бағалау критерийлері арқылы білім алушылар  бағаланды және өз пікірлерін қалдырды. Білім алушылар сабақта қызығушылықпен белсенділік танытты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ашимова Бибүгүл Тулеубаевна 26 қаңтарда 5-6 сынып оқушылары арасында «Мәңгілік Ел-мәңгілік тіл» тақырыбында оқулар сайысын өткізді. Оқушылар өлең айтуда бар өнерін ортаға салды. Байқау соңында барлық оқушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды. Апта соңында апталыққа белсенділік танытып қатысқан оқушылар мадақтау қағаздарымен марапатталды. Іс тәжірибе алмасу мақсатында онкүндікте өтілген сабақтардың үлгілерін мектеп сайтына және әлеуметтік желілерде таратылды. Оқытушылар педагогикалық ізденіспен озық технологияның әдіс - тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолдана білді. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" демекші, біздің ана тіліміз – атадан-балаға мирас боп жеткен асыл қазына. Қазақ тілін сүю, қадірлеу – ұлтымызға деген сүйіспеншілігіміз. Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып – ақ алыңдар. ӘБ жетекшісі Жакина Р.Т.
Просмотров: 292


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст