"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №6 жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «Общеобразовательная школа №6 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Білім беру ұйымдары кітапханаларының сандық есептері

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

28 қазан күні № ЖББМ базасында «Білім беру үдерісінің сапасын арттыру жолдары» тақырыбында №2 педагогикалық кеңес өтті. Кеңесте білім беру сапасын жетілдіру, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру және оқушылардың дамуына қолайлы жағдай жасау бағытындағы өзекті мәселелер қарастырылды.

28.10.2025

28 қазан күні № ЖББМ  базасында «Білім беру үдерісінің сапасын арттыру жолдары» тақырыбында №2 педагогикалық кеңес өтті. Кеңесте білім беру сапасын жетілдіру, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру және оқушылардың дамуына қолайлы жағдай жасау бағытындағы өзекті мәселелер қарастырылды.
1. Кеңесті мектеп директорының м.а. Ашимова Б.Т. ашып, №1 педагогикалық кеңестің шешімдерінің орындалу барысы туралы баяндама жасады. Ол атқарылған іс-шаралардың нәтижелерін талдап, алдағы кезеңге арналған жұмыс бағыттарын айқындады.
2. Оқу ісі жөніндегі орынбасар Оспанова А.С. I тоқсан қорытындылары бойынша оқушылардың үлгеріміне талдау жасап, пәндер бойынша білім сапасының деңгейін және бағдарламалық материалдың орындалуын баяндады. Сондай-ақ оқу мотивациясын арттыру мен білім сапасын көтеру жолдары қарастырылды.
3. Мектеп психологы Исасиитова А.А. 1, 5 және 10-сынып оқушыларының бейімделу кезеңіндегі психологиялық сүйемелдеу нәтижелерімен таныстырды. Ол жаңа оқу сатысына өткен оқушылардың қиындықтарын атап өтіп, бейімделу процесін жеңілдету бойынша ұсыныстар берді.
4. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Мекенбаева К.К. «Патриоттық тәрбиенің оқушылардың азаматтық тұлғасын қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында баяндама жасап, мектептегі азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытындағы іс-шараларды таныстырды.
5. Әлеуметтік педагог Нуржанова Л.Ж. «Оқушыларда салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында сөз сөйлеп, оқушылардың денсаулығын нығайту, зиянды әдеттердің алдын алу және спорттық белсенділікті арттыру бойынша жүргізілген жұмыстарды баяндады.
6. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Тулеева Д.К. «Күзгі каникул: каникулды ақылмен және қауіпсіз өткізу!» тақырыбында баяндама жасап, демалыс кезінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен пайдалы уақыт өткізу жолдарын ұсынды.
Кеңес қорытындысында оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыру, педагогикалық ұжымның өзара ынтымақтастығын нығайту және мектептегі қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру бағытындағы нақты шешімдер қабылданды.
Білім беру сапасын арттыру жолдары  бірлесе талқыланды.

Просмотров: 17


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст