Текст
2017 жылы 20-шы қыркүйекте Атбасар қаласының № 6 ОМ мектеп алды даярлық сыныбы мен 1-ші сыныптар арасында «Алтын күз» мерекесі өтті. Мерекеге балалар өте белсенді қатысты. Оқушыларға қонаққа «Күз ханшайымы» келді. Күз ханшайымына әр сынып өз өнерлерін көрсетті (өлең , тақпақ айтты, би биледі және ойындар ойнады). Мереке соңында «Күз ханшайымы» әр сыныпқа өзі әкелген сыйлықтарын таратты.