10А сыныбы, 17 қараша 2025 ж. «Бұзақылықтың алдын алу» тақырыбындағы сынып сағаты.
Мақсаты: Қолданыстағы заңдарға назар аудара отырып, оқушылардың адекватты өзін-өзі бағалауы мен мінез-құлқын дамыту.
Міндеттері: - қорқыту мен кибербуллингті түсіндіру; - жәбірленушіге, агрессорға және қасындағы адамдарға қорқытудың салдарын көрсету; - қорқыту белгілерін анықтауға үйрету; - Өзгелерді құрметтеуге, эмпатияға, зорлық-зомбылыққа «ЖОҚ» деп айта білуге тәрбиелеу.
Оқушылар белсенділіктерін, қызығушылықтарын, тақырыпты түсінгендерін көрсетті. Көпшілігі бұрын қорлау мен «әзіл-қалжыңның» арасын ажырата алмағандарын мойындады. Сынып ұжымы қиын жағдайға тап болғандарға сыйластық атмосферасын сақтауға және көмектесуге келісті.