12.12.2025
«Ізгілік пен даналық сабақтары»
Бүгін №6 жалпы білім беретін мектебінің Кітапханасында 4-сынып оқушылары үшін М.Д. Зверевтің ертегілері бойынша қызықты викторина өткізілді.
Оқушылар екі топқа бөлініп, өз топтарына ерекше атаулар ойлап тапты. Балалар:
Зверев ертегілері бойынша сұрақтарға жазбаша жауап берді,
иллюстрациялар арқылы ертегілерді тапты,
әр ертегінің кейіпкерлері, негізгі сөздері мен басты ойы көрсетілген кластерлер жасады.
Викторина өте көңілді, тартымды және танымдық түрде өтті. Әр қатысушыға дәмді сыйлықтар, ал ең белсенді және ынталы оқушыларға медальдар табысталды.
Мұндай шаралар балалардың топтық жұмысын дамытып, назарын, ойлау қабілетін арттырады және маңызды құндылықтарды еске салады: мейірімділік, адалдық, бір-біріне көмектесу.