27.11.2025
2025 жылдың 27 қарашасында психология апталығы аясында 10с ыныпта «Ғаламторда өзін қалай қорғауға болады?» тақырыбында цифрлық қауіпсіздік сабағы өтті. Сабақтың мақсаты: оқушыларды желідегі қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі ережелерімен таныстыру, жасөспірімдерді өздерінің цифрлық қауіпсіздігі үшін жеке жауапкершілік туралы ойландыру.
Іс-шараның басында жоғары сынып оқушылары интернетте қандай қауіп-қатерлерді білетінін айтып, оларды атады. Одан кейін қатысушылар бірге интернеттегі қауіпсіздік ережелерін құрастырды. Сабақ «Қауіпті ме, қауіпсіз бе?» атты мини-ойынмен аяқталды. Іс-шара соңында қорытынды жасалып, бірқатар ұсыныстар берілді. Оқушыларға интернеттегі қауіпсіздік тек технологияларға ғана емес, әдеттерге де байланысты екені ескертілді. Орындаушы: Исасиитова А.А.