Текст
07.11.2025
Заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету аясында өткізілген іс-шаралар
Ағымдағы жылдың 7 қарашасында «Мен – жауапты азаматпын» тақырыбында құқықтық және тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Акмола облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес өткізілген бұл іс-шара заң мен тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыруға және оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
Шара аясында спорттық викторина өткізілді. Викторинаны дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Калиева У.Е. ұйымдастырып, оқушылардың белсенді қатысуымен қызықты және тартымды түрде өтті. Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын және командалық рухтарын көрсете білді.