Текст
22.04.25ж. №6 ЖОББМ жас педагогтар апталығы аясында "Сабақтағы кері байланыс-оқушы жетістігінің кепілі" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Мақсаты: кері байланыстың түрлерімен тиімді әдістерін талқылау;
Оқушының оқу жетістігін арттырулағы кері байланыстың маңызын түсіну.
Ұйымдастыру кезеңі шаттық шеңбер және миға шабуыл әдісі арқылы өткізілді.Жас педагогтар тақырып бойынша жұпқа бөлініп постер қорғады. Тақырыпқа байланысты өз пікірлерімен бөлісіп, өз ойларын жеткізді. Сонымен қатар тақырыпты пысықтау мақсатында жас педагогтармен "Гольф","Соқыр теке " ойындары ойнатылды. Жас педагогтар іс-шарада белсенділік танытты