Текст
Бүгін, 16 қыркүйекте №6 ЖОББМ 6 «Ә» сынып оқушыларымен «Буллингтің профилактикасы» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Аптаның дәйеккөзі: «Ақырын жүріп анық бас,еңбегің кетпес далаға!» А. Құнанбаев
Сабақтың мақсаты: «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту;
жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу; сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.
Сынып оқушылары бірлесіп «Кластер» әдісі арқылы «Буллинг» сөзінің мағынасын ашып топта қорғады. Сынып жетекшісі оқушыларды өзара сыйластыққа, қолдау көрсетуге шақырды. Балалар сабаққа қызығушылық танытып белсенді қатысты. Сабақ қызықты да тартымды өтті. #біртұтас_тәрбие