Текст
3 маусым 2024 жылы «Атбасар қаласының № 6 ЖОББМ» КММ-де «Жаз 2024» экологиялық алаңы өз жұмысын бастады. Бүгінгі күні тәрбиелеу жүйесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру негізгі орын алады. Басым бағыттардың бірі мектеп оқушыларының белсенді қатысуымен экологиялық-өлкетану тәрбиесі және табиғат қорғау қызметі болып табылады. Жоғарыда көрсетілген бағыт және басқа да бағыттар эко-алаң жұмысының барлық кезеңдерінде іске асырылатын болады. Оқушылармен бірлесіп экологиялық алаң қызметінің барлық аспектілерін бейнелейтін эко-плакат әзірленді.