22.06.2023
Бүгін, 22 маусымда "Балақайлар мектебі" мектепалды даярлығы өз сабағын сергіту сәтінен бастады. Балалар әртүрлі жаттығулар жасады. Математика негізінде сандар жазылды, мысалдар шешілді. Сауат ашу негізінде олар Т, т-ның әрпімен және дыбысымен танысты. Сөйлеуді дамыту үшін олар "Касқыр мен жеті лақ" ертегісін қарады. Балалар уақытты пайдалы және қызығушылықпен өткізді.