22.06.2023
2023 ж. 22 маусымында "Сәт сапар, жас түлек!" атты аттестат тапсыру салтанатты жиыны өтті. Атбасар қаласының әкімі М.Исмаилов құттықтау сөзінде түлектерге ақ жол тілеп, ата-аналар мен ұстаздарға берген білімі мен тәлім тәрбиесі үшін алғыс білдірді. Құттықтау сөзімен мектеп директоры Г.Исабаева және оқу ісінің меңгерушісі Б.Ашимова сөз сөйледі. Сынып жетекшісі Р.Жакина өз оқушыларына жаңа өмірдің баспалдақтарынан сүрінбей өте беруін тілеп мадақтау қағаздарын табыс етті.
Жоғары оқу орнына түсіп, биік белестерден көрің. Нұрлы жол, думанды шақ тілейміз.
Кеудеңе күн орнасын. Ата – ананың қуанышы, шаңырағыңның шуағы бол. Жұлдызың жансын, Жас Түлек!!!