"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №6 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №6 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

Білім беру ұйымдары кітапханаларының сандық есептері

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы бойынша есебі

24.01.2020 «Атбасар ауданының білім бөлімінің Атбасар қаласы №6 орта мектебі» КММ –нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы бойынша есебі. 20-24 қаңтар аралығында мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті апталығы болып өтті. Апталықта біраз іс-шаралар мен жұмыстар жүргізілді. Іс-шара жұмыстарына оқушылар мен ұстаздар белсене қатысып, жұмыла жұмыс жасады. Жоспар бойынша 2020 жылдың 20 қаңтар күні «Тілім менің –тірлігімнің айғағы »   атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығы салтанатты ашылды. Мектеп директоры Жакин К.К. оқушылар мен ұстаздарды оңкүндіктің ашылуымен құттықтап, оқу ісінің меңгерушісі Ашимова Б.Т. апталық жоспарымен таныстырып өтті. Сынып жетекшілерінің жауапкершілігімен қазақтың «Үш бәйтерегі» (І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Сейфуллин) - 125 жылдығына орай 5-7 сынып оқушылары арасында және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 8-11 сынып оқушылары арасында қабырға газетінің байқауы ұйымдастырылды. Мектептің барлық сыныптары белсене қатысып,үздік қабырға газеттерін шығарғандары үшін марапатталды. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстырып, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу, шығармашылықпен жұмыс істеу мақсатында қаңтар айының 23 жұлдызында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Ғылым таппай мақтанба...» атты мәнерлеп оқу байқауын 5-6 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ашимова Бибигуль Тулеубаевна өткізді. Жас жеткіншектерді шығармашылық және танымдылық қабілеттерін арттыру мақсатында 6, 9 сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Канафина Жансулу Серикпаевна «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Оқушылар тапсырмаларды түгелдей орындап шығып, мақал-мәтел айту мен жұмбақ шешуден білімдерін көрсете білді. 2020 ж. 24 қаңтарында 4 сыныпта қазақ тілі пәнінен «Қысқы ойын» атты ашық сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жакина Раушан Толеубаевна өткізді. Сабақ басында оқушыларға қысқы ойындар туралы шағын бейнежазба көрсетіліп, сұрақ-жауап арқылы тақырып ашылды. Білім алушылардың сөздік қорын байыту үшін жаңа сөздерді меңгертіп қолдануға дағдыландыру мақсатымен ақпараттық құралдар мен көрнекілікті пайдаланып әр түрлі тапсырмалар жасалды («Адасқан сөздер», «Ең жылдам», «Фотоколлаж» және т.б.). Сабақ соңында күтілетін нәтижелерге қайта оралып қаншалықты қол жеткізгендіктері айтылып кетті. «Табыс баспалдағы» арқылы рефлексия жасалды. Оқушылар белсенділік пен қызығушылық танытып өз білімдерін көрсете білді. Пән апталығының соңғы күні салтанатты жабылуында белсене қатысқан оқушылар дипломдар мен мақтау қағаздарымен марапатталды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың мемлекеттік тілді жетік меңгеріп білуіне көңіл бөліп, пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденімпаздыққа қабілеттерін оята білді.
Просмотров: 491


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст