25.01.2023
25 қаңтарда 11 сыныпта «Абай жолы» романы бойынша «Қодар мен Қамқа» тақырыбында ашық сабақ өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жакина Раушан Толеубаевна. Сабақ халқымыздың біртуар перзенті Қ.Сәтпаевтың: «Егер сен XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ халқының өмірін, тіршілігін, тарихын, әдет-ғұрпын білгің келсе, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолын» оқы. Ол – шын мәніндегі энциклопедиялық шығарма»,- деген сөздерімен басталды. Сабақтың мақсаты: әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау. Мұғалім сабақта әртүрлі белсенді әдіс-тәсілдерді қолданды. Білім алушылар сабаққа қызығушылық танытып белсенді қатысты.