23.01.2023
2023 жылдың 23 қаңтарында қазақ тілі мен әдебиеті апталығының ашылу рәсімі өтті. Жиында сөз алған директордың міндетін атқарушы Бибігүл Тулеубаевна Ашимова тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрістеп дамуына үлес қосу-жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екендігіне тоқталып, ана тіліміздің апталығымен құттықтады.
Жиында балалар «Мен қазақ тілін білемін» викторинасына белсенді қатысып жұмбақтар шешті.
"Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" демекші, біздің ана тіліміз – атадан-балаға мирас боп жеткен асыл қазына. Қазақ тілін сүю, қадірлеу – ұлтымызға деген сүйіспеншілігіміз.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып – ақ алыңдар.