13.09.2022
Қазақстан халықтарының тілдер күні мерекелеу қарсаңында 1-4 сынып оқушылары арасында ағылшын тілі мұғалімі Даулеткалиева Б.Қ «Тіл – ұлттың жаны» тақырыбында сурет байқауын өткізді. Іс-шараның мақсаты – көп ұлтты Қазақстан халқының тұтастығын сақтау, балаларды өз халқының ғана емес, сонымен бірге біздің елімізді мекендейтін барлық халықтың мәдениеті мен дәстүрін құрметтеу рухында тәрбиелеу.Бастауыш сынып оқушылары түрлі-түсті суреттер дайындады,және осы тақырыпта суреттер көрмесі де ұйымдастырылды. Барлық окушыларға мадақтама мен сыйлықтар табыс етілді.