03.06.2022
#жазғымектеп #летняяшкола
Кесте мен күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес жазғы мектепте 5-8 сынып оқушылары үшін Қазақстан тарихы бойынша сабақтар өтуде. Тарих сабақтары оқушылардың жағымды көңіл-күйін көтеретін әдістер мен тарихи жаттығулардан басталады. Сабақтарда балалар өткен материалды қайталап, пән бойынша өз білімдерін бекітіп, мұғаліммен бірге қиындық тудырған тақырыптар мен сұрақтарды зерделейді. Ойындар мен әртүрлі белсенді әдістердің көмегімен күрделі тақырыптар талқыланады. Көрнекі құралдар тарихи жад пен қиялды дамытады, сабақтар бейне ресурстар көрсетіледі.