19.04.2022
Бүгін 19 сәуір күні мектепте бастауыш сынып мұғалімдері апталығының жоспары бойынша 3 "А" сыныбында Г.Х. Андерсен "Ромашка"ертегісі тақырыбында әдебиеттік оқудан ашық сабақ өтті. Балалар ертегіні қарап, сұрақтарға жауап берді, осы ертегінің кейіпкерлерін сипаттады, кластер құрды. Топтық жұмыс барысында мұғалім әртүрлі тапсырмалар берді: сурет салу , сипаттау, түймедақты безендіру. Балалар тапсырмаларды жақсы орындады және сабаққа өте белсенді қатысты.