07.04.2022
6 ЖББМ-де «Салауатты өмір салты» атты іс-шара өтті.
Мақсаты: мектеп оқушыларының бойында тазалықты сақтау, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыру, өз денсаулығына құндылық көзқарасын қалыптастыру, өз ісіне жауапкершілікті тәрбиелеу. Оқушылар мультфильм кейіпкерлерінің мысалдарын пайдалана отырып, бала кезінен денсаулықты сақтаудың не үшін қажет екенін түсінді, ойнады, жұмбақтарды тапты.
тәрбие ісінің меңгерушісі Асаинова С Е.