11.02.2022
Бүгін 11 ақпанда "Өзін-өзі тану"пәнінің онкүндігі аяқталды. "Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы" онкүндіктің қорытындысы шығарылды. Әр түрлі конкурстар мен жоспарланған іс-шараларға қатысқан балалар мақтау қағаздарымен марапатталды. ӘБ жетекшісі аталған іс-шараның белсенді қатысушыларына алғысын білдірді.