01.02.2022
31.01 күні 6Ә сыныбында "Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл" толуына байланысты сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының өмірі және шығармашылығымен таныстыру.
Балалар ақынның өмірімен танысып және бейнебаян көрді, сұрақтарға жауап берді.
Ахмет Байтұрсынов – қазақтың қоғам және саяси қайраткері, «Алаш» партиясының мүшесі, ағартушы, лингвист, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын, аудармашы. Қазақстанда оны «Ұлт ұстазы» деп құрметтейді. Сынып жетекшісі Канафина Ж.С.