17.01.2022
Бүгін, 17.01.2022 ж. математика, физика және информатика апталығының ашылуы өтті.
Апталық аясында бүгін, 7 «ә» сыныбында ашық сабақ: «Қысқаша көбейту формулалары қысқаша көбейту формулаларын білу және қолдану» математика мұғалімі Макишева Маржан Камитовна өткізді. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнатып, оқушыларды топқа бөлді. Сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды: «Тәтті сұрақтар», «Қарлы кесек» әдісі, «Джигсо», Математикалық диктант,
«Сәйкестендіру», «Кестені толтыр». Оқушылар қысқаша көбейту формулаcын қолдана алады және формулаcын біледі. Оқушылар өз білімдерін және ойларын көрсете білді