25.11.2021
24 қараша күні №6 ЖОББ мектебінде 7-8 сыныптар қатысуымен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Канафина Ж.С. "Жамбыл жырдың қайнары" дөңгелек үстелі іс шараны өткізді.
Мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру.Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлт жандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу. Қатысушылар Екі ғасырдың куәсі, жыршы-жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, «Халық поэзиясының алыбы», «ХХғасырдыңГомері», «Жамбыл – менің жай атым, халық- менің шын атым» деген ұлы тұлға-Жамбыл Жабаевтың өмірбаянымен,шығармашылығымен,айтыстарымен танысып, пікір алмасты.Бейнефильм көру арқылы ақын өмірінің қызықты тұстары туралы мәлімет алды.